"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдардын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2019 жылғы 30 мамырдағы № А-06/155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7218 болып тіркелген, 2019 жылғы 04 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |