Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № А-06/155 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № А-03/59 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 наурызда № 8379 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұланды ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдардын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2019 жылғы 30 мамырдағы № А-06/155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7218 болып тіркелген, 2019 жылғы 04 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі Т.Ерсеитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады