Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің "Жарқайың ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 29 мамырдағы № А-5/237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6001 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Нұрғазинға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | Ж.Хамитов |