Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің "Жарқайың ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 29 мамырдағы № А-5/237 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № А-12/501 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 25584 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің "Жарқайың ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 29 мамырдағы № А-5/237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6001 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары С.Т. Нұрғазинға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі Ж.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады