Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24876 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Р. Рамазановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі А.Кадралина


  Жақсы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 18 қазандағы
№ а-7/182 қаулысына
қосымша

Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 04.04.2023 № а-3/54 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым

1

Жақсы ауылы Тәуелсіздік 22 көшесі, аялдаманың жанында

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

15 шаршы метрден 3 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

2

Жақсы ауылы Тәуелсіздік 2 көшесі, мешіт ғимаратының жанында

Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден 2 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

3

Жақсы ауылы Тәуелсіздік 29 А көшесі, Ақмола облысы ветеринария басқармасының "Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жанында

Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар

5 шаршы метрден 2 орын

5 жыл

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ


Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Жаксынском районе

Постановление акимата Жаксынского района Акмолинской области от 18 октября 2021 года № а-7/182. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 октября 2021 года № 24876.

      В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 50-1 Правил внутренней торговли, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11148), акимат Жаксынского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить и утвердить места размещения нестационарных торговых объектов в Жаксынском районе согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Жаксынского района Рамазанова Р.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жаксынского района А.Кадралина


  Приложение
к постановлению акимата
Жаксынского района
от 18 октября 2021 года
№ а-7/182

Места размещения нестационарных торговых объектов в Жаксынском районе

      Сноска. Приложение с изменением, внесенным постановлением акимата Жаксынского района Акмолинской области от 04.04.2023 № а-3/54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Места размещения нестационарных торговых объектов

Сфера деятельности

Занимаемая площадь

Период осуществления торговой деятельности

Близлежащая инфраструктура

1

село Жаксы улица Тауелсиздик 22, возле остановки

Продовольственные/ непродовольственные товары

3 места по 15 квадратных метров

5 лет

торговые объекты, в которых реализуется схожий ассортимент товаров, отсутствуют

2

село Жаксы улица Тауелсиздик 2, возле здания мечети

Продовольственные/ непродовольственные товары

2 места по 5 квадратных метров

5 лет

торговые объекты, в которых реализуется схожий ассортимент товаров, отсутствуют

3

село Жаксы улица Тауелсиздик 29А, возле коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Ветеринарная станция Жаксынского района" при управлении ветеринарии Акмолинской области

Продовольственные/ непродовольственные товары

2 места по 5 квадратных метров

5 лет

торговые объекты, в которых реализуется схожий ассортимент товаров, отсутствуют