"Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № a-10/165 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қазанда № 8838-03 болып тіркелді

      Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24876 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі А.Кадралина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады