Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24876 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшаның 1-жолындағы "5 шаршы метрден 1 орын" деген сандар және сөздер "15 шаршы метрден 3 орын" деген сандар және сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының әкімі | А.Кадралина |