Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің 02.03.2022 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 218 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округінің Жаңа Қийма ауылының аумағында ірі мүйізді қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақима ауылдық округінің әкімі |
А.Отегенов |