Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 10 "Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қийма ауылдық округінің Жаңа Қийма ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27057 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2022 жылғы 25 қаңтардағы №13 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округінің Жаңа Қийма ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 10 "Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қийма ауылдық округінің Жаңа Қийма ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25592 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақима ауылдық
округінің әкімі
А.Отегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады