"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мыналар:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;
3) пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Рыспаев |
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 2/8 шешіміне 1 қосымша |
Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Алаң, Өркендеу ауылы, Абай Құнанбаев көшесі,1.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Өркендеу ауылы, Абай көшесінен алаңға дейін.
3. Алаң, Арықты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 31.
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Арықты ауылы, Тәуелсіздік көшесінің басынан алаңға дейін.
5. Алаң, Жантеке ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі,1.
6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жантеке ауылы, Кенжебек Күмісбеков көшесінен Жамбыл Жабаев, 1 көшесіне дейін.
7. Алаң, Кенбидайық ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 4.
8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Кенбидайық ауылы, Талғат Бигелдинов көшесінен Сәкен Сейфуллин көшесіне дейін.
9. "Кенжебек Күмісбеков атындағы Қорғалжын аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында орналасқан алаң, Қорғалжын ауылы, Кенжебек Күмісбеков көшесі, 38.
10. "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қорғалжын ауылының Рабиға Есімжанова атындағы балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында орналасқан алаң, Қорғалжын ауылы, Кенжебек Күмісбеков көшесі, 23.
11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қорғалжын ауылы, Сәкен Сейфуллин және Хайретдин Болғанбаев көшелерінің қиылысынан "Кенжебек Күмісбеков атындағы Қорғалжын аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы алаңға дейін.
12. Алаң, Шалқар ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 37.
13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шалқар ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін.
14. "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Майшұқыр ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында орналасқан алаң, Майшұқыр ауылы, Абай көшесі, 15.
15. Бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Майшұқыр ауылы, Достық көшесінен Абай көшесіне дейін.
16. Алаң, Сабынды ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 26.
17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сабынды ауылы, Әнуарбек Үсенов көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін.
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 2/8 шешіміне 2 қосымша |
Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) алаң, Өркендеу ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 1, шекті толу нормасы 50 адам;
2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Өркендеу ауылы, Абай көшесінен алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
3) алаң, Арықты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 31, шекті толу нормасы 50 адам;
4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Арықты ауылы, Тәуелсіздік көшесінің басынан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
5) алаң, Жантеке ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, 1, шекті толу нормасы 50 адам;
6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жантеке ауылы, Кенжебек Күмісбеков көшесінен Жамбыл Жабаев, 1 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
7) алаң, Кенбидайық ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 4, шекті толу нормасы 20 адам;
8) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Кенбидайық ауылы, Талғат Бигелдинов көшесінен Сәкен Сейфуллин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 20 адам;
9) "Кенжебек Күмісбеков атындағы Қорғалжын аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында орналасқан алаң, Қорғалжын ауылы, Кенжебек Күмісбеков көшесі, 38, шекті толу нормасы 100 адам;
10) "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қорғалжын ауылының Рабиға Есімжанова атындағы балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында орналасқан алаң, Қорғалжын ауылы, Кенжебек Күмісбеков көшесі, 23, шекті толу нормасы 100 адам;
11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қорғалжын ауылы, Сәкен Сейфуллин және Хайретдин Болғанбаев көшелерінің қиылысынан "Кенжебек Күмісбеков атындағы Қорғалжын аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 100 адам;
12) алаң, Шалқар ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 37, шекті толу нормасы 30 адам;
13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шалқар ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
14) "Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Майшұқыр ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында орналасқан алаң, Майшұқыр ауылы, Абай көшесі, 15, шекті толу нормасы 20 адам;
15) бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Майшұқыр ауылы, Достық көшесінен Абай көшесіне дейін, шекті толу нормасы 20 адам;
16) алаң, Сабынды ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 26, шекті толу нормасы 60 адам;
17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Сабынды ауылы, Әнуарбек Үсенов көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 60 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімісіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Қорғалжын ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 2/8 шешіміне 3 қосымша |
Қорғалжын ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Қорғалжын ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.