Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бурабай ауданы әкімдігінің "Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № а-9/376 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың келесі бірыңғай тарифі белгіленсін:
ересектерге – 110 (жүз он) теңге көлемінде.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | А.Муздыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай аудандық мәслихаты |