Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № а-9/376 "Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № а-9/398 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 қазанда № 24658 болып тіркелді

      Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бурабай ауданы әкімдігінің "Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № а-9/376 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың келесі бірыңғай тарифі белгіленсін:

      ересектерге – 110 (жүз он) теңге көлемінде.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі А.Муздыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады