"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы | М.Нурпанова |
Бурабай аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 7С-17/12 шешіміне қосымша |
Бурабай аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) "Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы" 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген);
2) "Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 "Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С-24/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6410 болып тіркелген);
3) "Бурабай аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 "Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № 6С-43/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7213 болып тіркелген);
4) "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бурабай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С-24/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6408 болып тіркелген).