Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 "Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне салығының ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С-24/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 6410 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 7С-17/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.12.2021 № 7С-17/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2016 жылғы 24 қарашадағы № 6С-8/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "жоғарылату", "төмендету", "жоғарытылсын", "төмендетілсін" сөздері "арттыру", "азайту", "арттырылсын", "азайтылсын" сөздеріне ауыстырылсын;

      кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 510 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XXIV (кезектен тыс)
сессиясының төрайымы
Л.Тюкачева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛЕСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Қ.Қарауылов

      30 қаңтар 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады