Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 123 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдері
бюджет түрі | барлық қажет тілігі, мың теңге | оның ішінде, мың теңге | ||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция | бірінші ұрпақ будандары | элиталық көшеттер | ||
жергілікті бюджет | 480 000,0 | 2 096,0 | 183 273,0 | 163 270,0 | 104 300,0 | 27 060,0 |
барлығы | 480 000,0 | 2 096,0 | 183 273,0 | 163 270,0 | 104 300,0 | 27 060,0 |