Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 123 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 сәуірде № 8261 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 123 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемдері

бюджет түрі

барлық қажет тілігі, мың теңге

оның ішінде, мың теңге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция

бірінші ұрпақ будандары

элиталық көшеттер

жергілікті бюджет

480 000,0

2 096,0

183 273,0

163 270,0

104 300,0

27 060,0

барлығы

480 000,0

2 096,0

183 273,0

163 270,0

104 300,0

27 060,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады