Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 "Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатуын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-80 тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда аудандық "Жаңалық Жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімде:
"505 бабының 2 тармағына, 510 бабына" деген сөздер "510 бабына, 531 бабының 5 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"504, 505 және 506 баптарында" деген сөздер "505, 506 және 531 баптың 2 тармағында" сөздермен ауыстырылсын.
2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б. Сейлханов |
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Тансыкбаев |