Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 "Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатуын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 19 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 8119 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 126 "Әйтеке би ауданында салық салуды негіздеу мақсатында жерді аймақтарға бөлу және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатуын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-80 тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда аудандық "Жаңалық Жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімде:

      кіріспеде:

      "505 бабының 2 тармағына, 510 бабына" деген сөздер "510 бабына, 531 бабының 5 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 тармақта:

      "504, 505 және 506 баптарында" деген сөздер "505, 506 және 531 баптың 2 тармағында" сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б. Сейлханов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Тансыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады