Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 21.07.2021 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 2-8/12 ұсынысының негізінде, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылдық округінде орналасқан "Миялытау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шилібөгет жайылымы аумағында жылқылардың ринопневмониясы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Әйтеке би ауданының "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Е. Амитова |