Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 2-8/54 ұсынысының негізінде, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округінде орналасқан "Миялытау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шилібөгет жайылымы аумағында жылқылардың ринопневмониясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8067 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Әйтеке би ауданының "Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Е. Амитова |