Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ащы ауылдық округінің әкімі | С. Құлбатыр |
Ащы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 16 шешіміне қосымша |
Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1) Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 "Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылының көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-127 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 қарашада "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "Ащинского" сөзі "Ащынского" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2 тармақтағы "өз міндетіме аламын" сөздері "өзіме қалдырамын" сөздерімен ауыстырылсын.
2) Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 03 қарашадағы № 5 "Ащы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 "Ащы селолық округінің көшелеріне атау беру" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4070 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "Ащинского" сөзі "Ащынского" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3) Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 3 "Байғанин ауданының Ащы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 "Ащы ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5312 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "Ащинского" сөзі "Ащынского" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.