Ескерту. Деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша орыс тілінде "Ащинского" сөзі "Ащынского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 10.03.2021 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданының Ащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданының Ащы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 10 "Ащы ауылдық округінің көшелеріне атау беру" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-127 тіркелген, 2011 жылғы 13 қарашада "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылының көшелеріне атаулар беру туралы";
1 тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ащы ауылдық округінің әкімі | Н. Жанин |