Карантинді тоқтату және Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 28 шілдедегі №28 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 46 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 қыркүйекте № 24453 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес, Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 02-09-04/144 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылы аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин алып тасталсын.

      2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 28 шілдедегі № 28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23746 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ащы ауылдық округінің әкімі С. Құлбатыр

О снятии карантина и признании утратившим силу решения акима Ащынского сельского округа Байганинского района Актюбинской области "Об установлении карантина" от 28 июля 2021 года № 28

Решение акима Ащинского сельского округа Байганинского района Актюбинской области от 17 сентября 2021 года № 46. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 сентября 2021 года № 24453

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Байганинского района от 27 августа 2021 года № 02-09-04/144 РЕШИЛ:

      1. Снять карантин установленный на территории села Ногайты Ащынского сельского округа Байганинского района Актюбинской области, в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов болезни эмфизематозный карбункул среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Ащынского сельского округа Байганинского района Актюбинской области "Об установлении карантина" от 28 июля 2021 года № 28 (Зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 23746).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Ащынского сельского округа Байганинского района Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Байганинского района после официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Ащынского сельского округа С. Құлбатыр