Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес, Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 02-09-04/144 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылы аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин алып тасталсын.
2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 28 шілдедегі № 28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23746 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ащы ауылдық округінің әкімі | С. Құлбатыр |