Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 28 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шілдеде № 23746 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің 17.09.2021 № 46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 маусымдағы № 02-09-04/112 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ащы ауылдық округінің әкімі С. Құлбатыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады