Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі | А. Жумабаев |
Қопа ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 3 шешіміне қосымша |
Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1) Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 9 "Қопа ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
орыс тіліндегі шешімінің 1 тармағының 9) тармақшасындағы және 4 тармақтың 1) тармақшасындағы "Тауелсіздік", "Қоптоғай" сөздері "Тәуелсіздік", "Көптоғай" сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
5 тармағындағы "өз міндетіме аламын" сөздері "өзіме қалдырамын" сөздерімен ауыстырылсын;
2) Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 09 "Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 9 "Қопа селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4127 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
3) Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 10 "Қопа ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-133 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағының 15) тармақшасында "Ұшбұлақ" сөзі "Үшбұлақ" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағының 3), 10), 11) тармақшаларында "Байтлеу", "Ақкуб", "Шибулак" сөздері "Байтілеу", "Ақкүб", "Шибұлақ" сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2 тармақтағы "өз міндетіме аламын" сөздері "өзіме қалдырамын" сөздерімен ауыстырылсын;
4) Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 10 "Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 10 "Қопа селолық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4128 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".