ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6462 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
қаулының 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауданының әкімі | А. Ауелбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 150 қаулысына қосымша | |
Ырғыз ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 қаулысына қосымша |
Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№ | Лауазымдардың атауы |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары | |
1 | Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы |
2 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы |
3 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы |
4 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
5 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
6 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты |
Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары | |
7 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
8 | Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
9 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі |
10 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы) |
11 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК бөлімінің басшысы |
12 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы мамандар: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші |
13 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) |
14 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиогроф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер) |
15 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: библиогроф, кітапханашы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші |
16 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер) |
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме
МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын