Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 150 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23426 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6462 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      қаулының 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауданының әкімі А. Ауелбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 150 қаулысына қосымша
  Ырғыз ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 қаулысына қосымша

Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Лауазымдардың атауы

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы

2

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы

3

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы

4

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

5

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

6

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты

Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары

7

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

8

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

9

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі

10

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы)

11

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК бөлімінің басшысы

12

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы мамандар: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші

13

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер)

14

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиогроф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер)

15

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: библиогроф, кітапханашы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші

16

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер)

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады