Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Қобда ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қобда ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауданының әкімі | Б. Кулов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы __________ Ж.Ерғалиев |
|
2021 жылғы "__" _________ |
Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 138 қаулысына қосымша |
Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 23.11.2023 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№№ | Лауазымдардың атауы |
Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары | |
1 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
2 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (директорының) орынбасары |
3 | Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
4 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК кітапхана меңгерушісі (басшысы) |
5 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі |
6 | Аккомпаниатор, концертмейстер, барлық атаудағы әртістер, режиссер ассистенті, балетмейстер, кітапханашы, библиограф, бағдарламашы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), продюссер, режиссер, қоюшы режиссер, вокал бойынша үйретуші, ұжым (үйірме) басшысы |
7 | Аранжировщик |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары | |
1 | Емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
2 | Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы |
3 | Музыкалық жетекші |
4 | Психолог |
5 | Мейіргер |
6 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
7 | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ-мемлекеттік мекеме;
МҚК-мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.