Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 138 "Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8237 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
И. Тынымгереев |
Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 396 қаулысына қосымша |
|
Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 138 қаулысына қосымша |
Қобда ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№№ | Лауазымдардың атауы |
Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары | |
1 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
2 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (директорының) орынбасары |
3 | Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
4 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК кітапхана меңгерушісі (басшысы) |
5 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі |
6 | Аккомпаниатор, концертмейстер, барлық атаудағы әртістер, режиссер ассистенті, балетмейстер, кітапханашы, библиограф, бағдарламашы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), продюссер, режиссер, қоюшы режиссер, вокал бойынша үйретуші, ұжым (үйірме) басшысы |
7 | Аранжировщик |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары | |
1 | Емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
2 | Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы |
3 | Музыкалық жетекші |
4 | Психолог |
5 | Мейіргер |
6 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
7 | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ-мемлекеттік мекеме;
МҚК-мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.