"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 2-11-3/97 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 23 желтоқсандағы № 3 "Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ө. Ищанов |