Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 08.06.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 2-10-3/283 ұсынысы негізінде, Өтек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі мүйізді қара малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А. Есибеков |