"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46 бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 2-11-3/99 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Терісаққан ауылдық округі Жаңаталап ауылында орналасқан "Сахи" шаруа қожалығының аумағында белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 17 "Терісаққан ауылдық округі Жаңаталап ауылында орналасқан "Сахи" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8241 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Терісаққан ауылдық округінің әкімі | А. Клютов |