Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 23.06.2021 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 2-11-3/75 ұсынысы негізінде, Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты, Терісаққан ауылдық округі Жаңаталап ауылында орналасқан "Сахи" шаруа қожалығының аумағында карантин белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Терісаққан ауылдық округінің әкімі | А. Клютов |