Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 479 "Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 14 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-113 тіркелген, 2009 жылғы 29 шілдеде аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесіндегі "№ 148" және "№ 4200" сандары алынып тасталынсын;
3, 4 тармақтар алынып тасталынсын;
5 тармақ мынандай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшаларымен толықтырылсын:
"3) Көкбек көшесі;",
"4) Татыр көшесі;",
"5) Бүйректөбе көшесі;".
2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қауылжыр ауылдық округінің әкімі | Т. Балымов |