Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысында 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы
Л. Турлашов
Алматы облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы 2021 жылғы 25 наурыздағы № 114 | |
Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Алматы облысында 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
теңге
№ | Тауар атауы |
Өлшем бірлігі | 2021 жылдың 1 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары | 2021 жылдың 2 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары | 2021 жылдың 3 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары | 2021 жылдың 4 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары |
1 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) | тг/кг | 290 | 301 | 304 | 297 |
2 | Бірінші сортты бидай ұны | тг/кг | 174 | 175 | 175 | 180 |
3 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) | тг/кг | 374 | 379 | 377 | 398 |
4 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) | тг/кг | 147 | 151 | 147 | 151 |
5 | Рожки (өлшеніп салынатын) | тг/кг | 279 | 280 | 272 | 277 |
6 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) | тг/кг | 1993 | 2040 | 2014 | 2084 |
7 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) | тг/кг | 961 | 998 | 988 | 983 |
8 | Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада | тг/литр | 201 | 203 | 204 | 207 |
9 | Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада | тг/литр | 199 | 200 | 201 | 202 |
10 | Сүзбе: майлылығы 5-9% | тг/кг | 1287 | 1310 | 1317 | 1319 |
11 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | дана/тг | 333 | 313 | 333 | 358 |
12 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) | тг/кг | 2855 | 2820 | 2781 | 2796 |
13 | Күнбағыс майы | литр/тг | 533 | 536 | 531 | 577 |
14 | Ақ қауданды қырыққабат | тг/кг | 100 | 88 | 66 | 91 |
15 | Басты пияз | тг/кг | 92 | 116 | 71 | 79 |
16 | Асханалық сәбіз | тг/кг | 131 | 145 | 120 | 111 |
17 | Картоп | тг/кг | 120 | 139 | 94 | 110 |
18 | Ақ қант – құмшекер | тг/кг | 231 | 240 | 228 | 231 |
19 | Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа) | тг/кг | 55 | 55 | 55 | 55 |