Алматы облысында 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 114 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылы 26 наурызда № 5902 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысында 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы

      Л. Турлашов

  Алматы облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы 2021 жылғы 25 наурыздағы № 114
  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Алматы облысында 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

      теңге


Р/с

Тауар атауы

Өлшем бірлігі
(тг/теңгекг/килограмм)

2021 жылдың 1 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары

2021 жылдың 2 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары

2021 жылдың 3 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары

2021 жылдың 4 тоқсанына шекті бөлшек сауда бағалары

1

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

тг/кг

290

301

304

297

2

Бірінші сортты бидай ұны

тг/кг

174

175

175

180

3

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

тг/кг

374

379

377

398

4

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

тг/кг

147

151

147

151

5

Рожки (өлшеніп салынатын)

тг/кг

279

280

272

277

6

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

тг/кг

1993

2040

2014

2084

7

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

тг/кг

961

998

988

983

8

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

тг/литр

201

203

204

207

9

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

тг/литр

199

200

201

202

10

Сүзбе: майлылығы 5-9%

тг/кг

1287

1310

1317

1319

11

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

дана/тг

333

313

333

358

12

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

тг/кг

2855

2820

2781

2796

13

Күнбағыс майы

литр/тг

533

536

531

577

14

Ақ қауданды қырыққабат

тг/кг

100

88

66

91

15

Басты пияз

тг/кг

92

116

71

79

16

Асханалық сәбіз

тг/кг

131

145

120

111

17

Картоп

тг/кг

120

139

94

110

18

Ақ қант – құмшекер

тг/кг

231

240

228

231

19

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

тг/кг

55

55

55

55

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады