"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 болып тіркелген) қаулысы;
2) Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы "Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" № 615 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 болып тіркелген) қаулысы.
2. "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1)осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3)осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж. Тұяқовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |