Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы "Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" № 615 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 31 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 28 қаңтарда № 5043 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 464 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 24.11.2021 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 - бабына, "Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13375 тіркелген) және "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 2018 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республика Президентінің № 653 Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы "Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" № 615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4078 тіркелген, 2017 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 14 жол (Райымбек, Нарынқол, Нарынқол ауылы) алынып тасталсын.

      2. "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж. Тұяқовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады