Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 24.11.2021 № 464 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2016 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13375 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облыс әкімдігінің 2016 жылғы "20" желтоқсандағы № 615 қаулысына қосымша |
Алматы облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы әкімдігінің 23.01.2019 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| Ауданның атауы | Ауылдық округтің атауы | Ауылдық елді мекеннің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ақсу | Қапал | Қапал ауылы |
2 | Алакөл | Достық | Достық ауылы |
3 | Алакөл | Қабанбай | Қабанбай ауылы |
4 | Балқаш | Бақбақты | Бақбақты ауылы |
5 | Еңбекшіқазақ | Байтерек | Байтерек ауылы |
6 | Еңбекшіқазақ | Шелек | Шелек ауылы |
7 | Еңбекшіқазақ | Қаракемер | Қаракемер ауылы |
8 | Жамбыл | Мыңбаев | Мыңбаев ауылы |
9 | Жамбыл | Теміржол | Қазыбек бек бекеті |
10 | Іле | Жетіген | Жетіген ауылы |
11 | Қарасай | Жаңашамалған | Шамалған бекеті |
12 | Кербұлақ | Қоғалы | Қоғалы ауылы |
13 | Панфилов | Пенжім | Пенжім ауылы |
14 | Алынып тасталды | ||
15 | Сарқан | Лепсі | Лепсі ауылы |
16 | Ұйғыр | Шарын | Шарын ауылы |