Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 21.09.2023 № 11-36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 28 қарашадағы № 40-245 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4916 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 40 пайызға жоғарлатылсын.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауылшаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы | К. Сатанов |