Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 40-245 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 30 қарашада № 4916 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 11-36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 21.09.2023 № 11-36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 40 пайызға жоғарлатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 02.12.2021 № 19-64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ш. Бозов
      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады