Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 40-245 "Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-64 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 9 желтоқсанда № 25691 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 11-36 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 21.09.2023 № 11-36 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 28 қарашадағы № 40-245 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4916 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 40 пайызға жоғарлатылсын.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауылшаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы К. Сатанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады