Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кербұлақ ауданы мәслихатының "Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 61-358 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5681 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Кербұлақ ауданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";
жобаның кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139- бабы 9-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Кербұлақ аданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы | К. Бекиев |