Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі "Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" № 61-358 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 12-60 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 12 қазанда № 24715 болып тіркелді

      Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кербұлақ ауданы мәслихатының "Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 61-358 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5681 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Кербұлақ ауданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      жобаның кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139- бабы 9-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Кербұлақ аданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы К. Бекиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады