Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 61-358 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 29 қыркүйекте № 5681 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 27.09.2021 № 12-60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139- бабы 9-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 27.09.2021 № 12-60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Кербұлақ аданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 27.09.2021 № 12-60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 52-296 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 тіркелген, 2019 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Ж. Жумажанов
      Кербұлақ аудандық мәслихатының
      хатшысы Б. Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады