Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 09-581 "Талғар ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3980 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Б. Төрехановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданының әкімі | К. Абдыханов |