Талғар ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 09-581 "Талғар ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 11-618 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 15 қарашада № 25162 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 09-581 "Талғар ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3980 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Б. Төрехановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданының әкімі К. Абдыханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады