Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 1 "Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А. Малаховқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекші ауданының әкімі | Ғ. Ильясов |