"Жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жариялау туралы"

Күшін жойған

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 1 шешімі. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 109 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 28.06.2021 № 1 шешімімен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 және 37 баптарына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 5 хаттамасына сәйкес, Еңбекші ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласында таратылатын баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары А. Малаховқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аким Енбекшинского района Ғ. Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады